МТРА жаңалықтары

Мамандандырылған ХҚКО-ға жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Жыл басынан бері мекемеге 45 мыңға жуық тұрғын келіпті. Олардың 12 мыңы темір тұлпарды басқаруға рұқсат беретін құжатты рәсімдеген. Жақында орталықта жаңғырту жұмыстары жүргізілген екен.

Евгений Зубков – Мамандандырылған ХҚКО басшысы:


–  Тұрғындарға тиімді қызмет көрсету үшін орталықтың ішін 4 секторға бөлдік. Оның алғашқысында медициналық комиссия жұмыс істейді. Осында жүргізуші куәлігіне үміткерлер мен осы құжаттан тәртіп бұзып айырылып қалған жандар фотоға түседі. Тағы, жол-көлік ережесі жайындағы тест тапсырады. Бұдан бөлек, мекемеде көліктерді тіркеу, күту және дайын болған құжаттарды беру секторлары бар.

Айта кетейік, орталықта бұрын-соңды болмаған медициналық комиссия қазанның 2-сінен бастап жұмыс істейді. Жаңашылдықты мемлекеттік мекеменің тендрін ұтып алған астаналық “Proof Med” серіктестігінің өкілдері енгізіпті. Мұнда тұрғындарға хирург, невропатолог және терапевт сынды мамандар қызмет көрсетіп жатыр. Дегенмен, орталықта окулист пен лор жоқ. Олардың жұмысын жоғарыда аталған мамандар қатар атқаруда.

Алтынай Куанова – “Proof Med” ЖШС солтүстік өңірдегі өкілі:

– Бізге окулист өте қажет. Солтүстік өңірде көз дәрігері тапшы екен. Алдағы уақытта міндетті түрде қатарымызды жоқ мамандармен толықтыру керекпіз. Әзірге талапкерлерді өзіміз тексеруден өткізіп, анықтама беріп жатырмыз. Бізге келетін жандарға міндетті түрде жеке куәлігі, 3х4 фото және рентгенттік диогностикадан өткен суреті болу тиіс.

Мұнымен СҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері келіспейді. Олар белігілі бір маман ғана халыққа қызмет көрсетуі тиіс дейді.

Светлана Стригалева – СҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы

– Дәрігер басқа маманның қызметін атқару үшін қайта дарялықтан өтуі керек. Яғни, заңды түрде 864 сағат білімін толықтыруы міндетті. Оқуын аяқтаған соң оған сертификат беріледі. Кейін, осы құжаты бойынша басқа дәрігердің жұмысын атқаруына болады.

Байболат  Култанов