Денсаулық сақтау

Білікті астаналық нейрохирург солтүстікқазақстандық науқастарды қабылдады

Серік Кәрібай – Ұлттық нейрохирургия орталығының Жалпы Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі, Астана қаласы:


–  70 адамдай жазылды. Оданда көп болуы мүмкін. Бүгін кешке дейін барлық науқасты қабылдаймын. Менің қабылдауыма келетіндердің 60 пайызы жұлын жарақатын алғандар екен.

Бірінші болып астаналық нейрохирургтың қабылдауына Марат Молдашев кірді. Қала тұрғынының бел омыртқасы мен жамбасы аурады. Соңғы кездері аяқтары да сыздайтын болған. Денсаулығы нашарлаған соң 39 жастағы азамат жуырда 1 апта ауруханада жатып ем қабылдапты. Дегенмен, әлі де дерті жанына батады. Сол себепті бүгін жерлесіміз дәрігердің ақыл-кеңесін тыңдап алып, қатадан ем алуды бастамақ.

Марат Молдашев – қала тұрғыны:

 


– Операция керек емес деді. Дәрілермен емделуге болатын айтты. Қазір невропатологқа барып, жазған қағазды көрсетемін.

Айта кетейік, биыл Ұлттық нейрохирургия орталығында 6 солтүстікқазақстандық нейрохирг дәрігер біліктіліктерін арттырыпты. Олар жыл басынан 166 ота жасапты. Тағы, 79 мәрте жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетіпті.

Байболат  Култанов