Ауыл шаруашылығы

Асыл тұқымды мал басын арттыру

Оларда 2 млннан астам төрт түлік бар екен. Автоматтандырылған жүйенің мал шаруашылығымен айналысатындар үшін артықшылығы мол. Олар жайлы жиналғандарға елордалық маман Майра Майдан айтып берді.

Майра Майдан – “НИЦ” ЖШС маманы, Астана:


– Осы жүйеде автоматты түрде субсидия алуға өтініш беруге болмайды. Процесс ашық түрде жүреді. Ол қағазбастылықтан арылтып, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға сеп болады. Түрлі зертхана, мамандармен хабарласып, кеңесуге мүмкіндік бар. Жүйе арқылы қай жерде қандай мал бар екендігін көріп, қаржының қайда кетіп жатқандығын бақылдап отыруға мүмкіндік бар. Біз үнемі сараптама жүргізіп отырамыз. Жүйе ақылы түрде жұмыс істейді.

Өкінішке орай жүйеде қалай жұмыс істеу керектігін көбі біле бермейді. Сондықтан мамандардың кеңесі олар үшін пайдалы болып отыр. Ал өзге әріптестеріне қарағанда «Леонов» шаруа қожалығы оны қолданып үлгерген. Өйткені мұндағылар асыл тұқымды малдарды қолдан ұрықтандырумен айналысады.

Павел Леонов – «Леорнов» КХ директоры, Аққайың ауданы:

 


–  Біздер асыл тұқымды малдарды будандастыру жұмыстарын жүргіземіз. Қазір торпақтарды дайындап
жатырмыз. Оларды қолдан ұрықтандыру үшін тұқымдарды Америка мен Канададан алдыртамыз. Сөйтіп, зеңгі баба төлдері жоғары өнімді беріп отырады. Азығын уақытылы дайындаймыз. Жалпы бүгінгі семинардың өткізілуі біз үшін үлкен көмек болып отыр. Көп жаңа мәліметті алуға болады.

Мұндай жиындардың пайдасы мол. Сондықтан орталық мамандары еліміздің түпкір түпкірін аралап, мал шаруашылығымен айналысатындармен кездесулер өткізудле. Өңірімізде аталмыш семинар екі күнге жалғасады.

Магжан Ахмадина