МТРА жаңалықтары

Темір жол бойындағы ережені ескерген жөн

Сондықтан бұл маңда поездар күнделікті қатынап жатады. Аталмыш білім ұясында оқитын ұл-қыздардың темір жолды кесіп өту ережелерін білгендері абзал. Сондықтан, жиын барысында оқушыларға шойын жол бойындағы қауіпсіздік шаралары жайлы түсірілген видео көрсетілді.

Ашық сабақта Петропавл стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы Ұлжан Бақтыбаева оқушыларға темір жол бойындағы заң бұзушылықтар жайлы әңгімеледі. Мектептің ұл-қыздары шарадан мол мәлімет алғандықтарын айтады.

–  Мен вокзалдағы ережелерді түгел білмеуші едім. Енді, бүгінен бастап білетін боламын.

– Ашық сабақта көрсеткен видео ұнады. Онда көп ақпарат айтылды.

Дегенмен, дәл осы темір жол бойындағы тәртіпті көпшілігі сақтамайды. Осындай немқұрайлықтың салдарынан жыл басынан бері 5 бірдей тұрғынды поезд қағып кеткен. Салдарынан 4 адам ауыр соққыдан көз жұмған. Тек, бір жапа шегуші абырой болғанда өлім аузынан аман қалыпты.

Раушан Ғалеева – СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

– Қаза тапқан адамдардың көпшілігі суцид жасаған. Бір адам мас күйінде поездің астына түсті. Тағы, құлаққап киіп поездің дауысын естімеген тұрғын да немқұрайлықтың салдарынан қаза тапты. Азаматтар шойын жолдағы ережені ескеруі керек. Көпірдің үстімен және жүргінші жолымен өту міндетті.

Дегенмен, ескертулерді елемейтіндер аз емес. Перронға тоқтаған мына Қарағанды-Омбы бағытындағы поездың кей жолаушылары да рұқсат етілмеген жерден өтіп жатыр. Жыл басынан бері осындай заңды ескермеген 2300-ден аса адамға әкімшілік айыппұл салыныпты.

Ұлжан Бақтыбаева – Петропавл стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы:

 


–  2 мыңға жуық адамға рұқсат етілмеген аумақтан өткені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 3 АЕК көлемінде айппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері темір жолдағы заңнаманы бұзған тұрғындар 2 млн 400 теңгеден аса айыпақы төлеуі тиіс. Бұл ақшаның 64 пайызы өндіріліп алынды.

Қазір облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандарды тұрғындарға темір жол бойындағы тәртіпті сақтауға шақыратын жаднама қағаздарын таратып жатыр.

Байболат  Култанов