Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да жыл соңына дейін 1003 отбасы пәтерге ие болады

Татьяна Аширова – пәтер иесі:


–  Біз 2014-ші жылы 17-ші қаңтарда есеп-шот аштық. Осы аралыққа дейін пәтер бағасының 50 пайызыны жинадық. Қалған соманы банк 7 жылға 4,8 пайыздық мөлшерлемемен берді. Енді айына 48 мың теңгеден төлеп тұрамыз. Үйіміз кең, 56,2 шаршы метр. Осында бағдарлама барына қуаныштымын.

Ал бұл Ұлан Әбілмажиновтің үйі. 27 жастағы азамат отбасысымен бұл баспанаға енді көшіп келуде. Зайыбы Бибігүл Әбілмажинова бала күтімімен үйде отыр. Ал отағасы қалалық ІІБ-ың жедел уәкілі қызметінде жұмыс істейді. 3 жылдың ішінде жеке баспаналарына ие болыпты.

Ұлан Әбілмажинов – Петропавл қаласы ІІБ жедел уәкілі:

– Мемлекетті бағдарлама болмаса өз баспанама қол жеткізу үшін біраз уақыт кетер еді. 3 жылдың ішінде пәтер құнының 30 пайызын жинадық. Енді 5 жыл көлемінде ай сайын 50 мың теңге төлеп тұрамыз. Өте тиімді бағдарлама.

Екі бөлмелі пәтер іші кең. Бастысы жылы. Бұны аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өзі байқап көрді. Облыс әкімі отағасымен тілдесіп, мемлекеттік бағдарламаның тиімді екендігін тағы бір мәрте атап өтті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Банк арқылы пәтер алу өте ыңғайлы. Елбасының тапсырмасымен осы механимз құрылған. Енді қазір бүкіл ел бойынша осының пайдасын көріп жатырмыз.

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тағы бір үй Береке шағын ауданында орналасқан. Гастелло 36 мекен жайындағы 75 пәтерлі баспанаға да біртендеп теріскейліктер көшуде. 36-шы пәтерде Ибраевтар отбасысы тұрады. Оларда бұл үйге енді ғана қоныс аударыпты.

Ольга Ибраева – пәтер иесі:

– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 3 жыл бойы қаржы жинадық. Енді міне көптен армандаған баспанаға қол жеткіздік. Қаржы институтында жас отбасы үшін тиімді ұсыныстар бар. Соның арқасында үй алып отырмыз.

Бұл шаңыраққа бүгін қонаққа аймақ жетекшісі келді. Үйдің сапасын байқап, отбасы мүшелерімен тілдесті. Және алдағы уақытта Береке шағын ауданын аббаттандыру жоспарымен бөлісті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Береке шағын ауданын аббаттандыруды қолға алдық. Бұнда тағы бір мектеп тұрғызылады. Ескі-құсқы үйлер сырылып тасталынады. Ол жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Одан бөлек ағаштар да отырғызылады.

Жалпы облыс орталығында мемлекеттік бағдарлама сәтті жүзеге асуда. Былтыр өңірде 619 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілді.

Ләззат Ибрагимова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Басқарма төрайымы :

– Биыл Солтүстік Қазақстан облысы тарихи рекордқа қол жеткізіп отырмыз. Бұған дейін 1 мың пәтерді 4-5 жылдың ішінде салсақ, енді бір жылдың ішінде тапсырып жатыр. Бұндай оқиға бұрын-соңды болған емес.

Теріскей өңірі өзгелеріне үлгі боларлықтай. Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін табу үстінде.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Осы жылдың аяғына дейін 1 мыңнан аса пәтерді тапсыратын боламыз. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Оның 400-ін әлеуметтік аз қамтылған жандарға береміз. Ал келесі жылы Петропавлда 1600 пәтер салынатын болады.

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы 4 баспана қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 222 пәтерлі 3 ипотекалық және 400 пәтерлі жалдамалы-коммуналдық 4 үй халық иігіліген тапсырылмақ.

Райхан Әбдірахманова – “Тұрғыны үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Өткен жылы өңірде “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 10 нысанның құрылысы басталған. Оның арқасында банкіміздің 800-ге жуық салымшысы мен қалалық әкімдікте пәтер кезегінде тұрғандар льготтық несие алды. Бүгінде бізде 30 мыңнан астам салымшымыз бар.

Келер жылдары көпқабатты тұрғын үйлер Береке, Жас Өркен шағын аудандары мен Жуков көшесі бойында бой көтермек.

Риат Шони