Құқық қорғау органдары

Қылмыстар саны азайған

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Негізгі қылмыс түрлері бойынша да оң динамика байқалады. Кісі өлтіру – 25, ауыр дене жарақатын жасау – 21, қарақшылық шабуыл – 45, тонау – 41, бұзақылық – 31, алаяқтық – 57, ал ұрлық – 27 пайызға кеміген. Облыста орын алған қылмыстардың әр 7-сі мастықтан жасалады екен. Жалпы жыл басталғалы ішімдік өнімдерін саудалау тәртібін бұзудың 96 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 140 литрден астам өнім тәркіленді. Өз еркімен емделгісі келмеген 164 маскүнем мен нашақор Благовещенка ауылындағы емдеу мекемесіне жөнелтілді. Сондықтан біздер бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады.

Өңірдің тәртіп сақшыларына мұндай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге бейнебақылау камераларының көптеп орнатылып жатқандығы септесуде. Облыста қоғамдық орындар мен көшелерде осындай 347 құрылғы орнатылған. Олардың көмегімен 400-ден астам қылмыстың беті ашылып, 639 әкімшілік заңбұзушылық анықталыпты. Алдағы уақытта олардың саны арта түспек. Тағы аймағымыздың полицейлері көршілес Ресейдегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ол да қылмыстарды ашуға оң ықпалын тигізуде.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

 


– Біз ресейліктерге 22, ал олар бізге іздеуде жүрген 10 қылмыскерді ұстап берді. Айта кету керек, жыл басынан полицейлер өткен жылдарда жасалған 627 қылмыстың бетін ашты. Ол 90-шы екімыңыншы жылдардың қылмыстары. Мысалы, ресейлік әріптестердің көмегімен 98-ші жылы жасалған қылмысты ашып отырмыз.

Жыл басталғалы 100 мың 893 әкімшілік заңбұзушылық анықталған. Солардың 62 мың 27-сі жол жүру ережесін бұзу фактілері. Жиынға қатысушылар өз сауалдарын да жолдап жатты. Олардың көбі жол қауіпсізідігін сақтауға қатысты болды.

Мағжан Ахмадина