МТРА жаңалықтары

“Экспо-2017” көрмесінің жастарға берері мол

Осылайша жастар күн, жел, тіпті жаңбырдан да қуат алып, энергия үнемдеуді үйренуге болатынын көрсетіп отыр. Қазір оқу ордасының спорт залындағы шамдар лед лампаларға ауыстырылған, нәтижесінде бір жылда 800 теңге үнемдеп отыр. Бұдан бөлек, Қостанай облысы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылған 105 жобаның ішінен өңірде жүзеге асыруға болады-ау деген 10-ын іріктеп алыпты.

Еркін Әбіл, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры:

– Мәселен, «Қостанай су» қалалық коммуналдық кәсіпорны 2 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның бірі – ағынды суларды жинақтаушы құрылғы. Бұл – қала экологиясының жақсаруына сеп. Тағы Исаков қаласында күн батареяларынан қуат алатын көше шамдары орнатылып жатыр. Жергілікті жылу беру көзіне газ қазандығын орнату жұмыстары қолға алынбақ. Жаңа құрал-жабдық қалаға ай сайын 3,5 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы Экспо-2017 көрмесінде таныстырылған жобалар.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері де көрмедегі жобаларды десертация, дипломдарына тақырып етіп алмақ. Университеттің жаңа оқыту бағдарламасы – дрон басқару, күн және жел энергостанциясының жұмысын реттеу сынды болашақтың мамандықтарын да қарастырады. Жалпы ЖОО-ның ректорлары халықаралық көрме еліміздегі білім ордаларына айтарлықтай серіпн бергенін айтып отыр.

Берік Ахметов, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректоры:


– Біздің профессорлық құрам мен студенттеріміз жаңа технологияларды пайдалану арқылы тұрған жерімізге зардаптарды қалай азайтуға болады. Табиғи көздер азаяды. Болашақтың көзі неде болады деген сұрақ туындайды. 15:50 Қазіргі кезде біз университеттегі 1 пайыз энергияны өзіміз өндіреміз. Үш жыл ішінде он пайызға дейін көтерсек деген үлкен жоспарымыз бар.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының басышларының айтуынша “Экспо-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне бас сұққан әр жас туған жеріне пайдалы өнертабыс ойлап шығаруды алдына мақсат етіп қойған. Сондықтан студенттерді иннновациялық көзқарас қалыптастырып, кез-келген нәрсені тиімдірек етіп жасап шығаратындай етіп тәрбиелеу керек.

Ақбөпе Тәңірберген