Қоғам

Қазақ тілін үйрету жолдары

Әділет Дүйсенов, ҚР президенті жанындағы “Қоғамдық келісім” РММ бас сарапшысы:

– Бізде бұл семинар ғана емес, көптеген жобаларымыз бар. Мысалы, бір ғана “Мың бала” жобасы арқылы көптеген балалрдың тіл үйренуіне себепкер болдық.


Қазақ тілін меңгерудің әдісі көп. Мақсат қойған адам – аз уақытта-ақ үйреніп алады дейді, Қанат Тасыбеков. Бұл ретте “Жағдаяттық қазақ тілі” деп аталатын кітап жазып шыққан. Еңбегін тіл меңгергісі келген орта жастағы адамдар көптеп сатып алып жатыр екен. Бұрын ана тілін түсінгенімен сөйлемейтінмін дейді, автор. Тілді өзі меңгерген соң, оны өзгелерге үйретуге көшкен.

Қанат Тасыбеков, жазушы, Алматы қаласы:

 


– Кітабымның екінші бөлігі диалогтардан тұрады. Онда күнделікті қажетті, қызықты сөздерді іріктеп жаздым.

Латын әліпбиі – әсіресе әлеуметтік желілерде шетелдіктермен хат алмасқанда жеңіл дейді жиналғандар. Сәйкесінше, өзге ұлттардың мемлекеттік тілімізді меңгеруге деген қызығушылығы да артпақ.

Ақбөпе Тәңірберген