Балалар

Қала мектептерінің оқушылары арасында әскери сайыс өтті

Жоғары сынып оқушылары уақытқа жалпы әскери қорғаныс жиынтығын киді. Қол гранатасын лақтырып, білтемірде тартылды. Кедергілерден өтіп, жаудың көзін жойды. Осы тапсырмаларды орындау үшін жасөспірімдер бар-жоғы 10 минут жұмсады. Айту керек, бұл сында қыздар ұлдардан қалыспады. Мұндай жарысты педагогтар жылда ұйымдастырып отырады екен. Осы орайда айта кетейік, бүгінде қалалық 40-шы орта мектепте әскери бағытта жұмыс істейтін 5 үйірме бар. Оған 80 жуық адам қатысады. Араларында студенттер бар.

Сержан Матенов – “Жас батыр” балалар мен жасөспірімдердің әскери клубының педагогы:

– Осындай шаралар арқылы жастардың физикалық даярлықтарын тексереміз. Екіншіден, жастардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға септігі зор. Алғашқы әскери дайындық әсіресе, жігіттерге өте қажет. Олар мектеп қабырғасынан Калашников автоматын шашып, қайтадан құрастыра алулары керек.

Берік Қасен