Спорт

“Құлагер” хоккей командасының осы маусымдағы ірі жеңілісі

– Екінші кезеңде құрамалар намысқа тырысқанымен, голды көре алмадық. Екеуі де мықты. Менің ойымша, матч 0:0 есебімен аяқталады.

– Өте тартысты ойын. Өйткені, қос команда да Қазақстан кубогының финалистері. Бейбарысты өткен жылы жеңген болатынбыз. Осы жылы да сәтін салып, есеп біздің пайдамызға шешіледі деп сенемін.

Соңғы кезең бірқалыпты басталды. Жерлес ойыншылар қанша тырысқанымен, қақпаға бағытталған соққылар нәтижесіз болуда. Тек, үшінші периодтың 18-ші минутында есеп ашылды. Шайба иесі – Құлагерлік шабуылшы Денис Стасюк. Ойынның аяқталуына 16 секунд қалғанда теріскейлік спортшылар жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты.

Ал екінші күні өткен қарымта кездесуде атыраулық команда өз қателіктерін жуып шаюға тырысты. Ойын басталысымен де басымдық осы құрамада болды. Алғашқы кезеңнің 4-ші минутындағы есеп 1:0. Шайба авторы – “Бейбарыс” капитаны Альберт Вишняков.

Бұдан кейін де құлагерліктер тізгінді өз қолдарына ала алмады. Ал, үшінші периодтың соңына қарай жерлес құраманың қақпасына шабуыл үдей түсті. Тойтарыс беруге тырысқан “Құлагердің” қос ойыншысы айдыннан қуылды. Оңтайлы сәтті пайдалана алған қарсыластар, екі минут ішінде үш бірдей шайба соқты. Матчтың қорытынды есебі 4:0. Бұл осы маусымдағы теріскейліктердің ең ірі жеңілісі.

Дмитрий Степанов – “Бейбарыс” ХК ойыншысы:

– Қарсыластарымыз өте мықты. Олардың ойын деңгейін жоғары деп бағалауға болады. Қазақстан Кубогының финалында кездесіп, ұтылып қалып едік. Сондықтан, бұл кездесуге жақсылап дайындалдық.

Бұл жеңіліске қарамастан, жерлес команда турнир кестесінің бірінші сатысындағы көшбасшылығын сақтай алды. Олардың қоржынында 39 ұпай бар.

 

Эльмира Садвокасова