МТРА жаңалықтары

СҚО мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Қайрат Ысқақов – СҚО бойынша Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменті бастығының орынбасары:

– Биыл әскерге шақыру учаскелеріне 3 мыңға жуық жасөспірім тіркелді. Әрбір екіншісінің денсаулығында кінарат бар. 555-ін уақытша шеттеттік. Бірқатарында хирургиялық, ал өзгелерінде құлақ, мұрын ауруы мәселелері бар.

Облыстық мәслихаттың депутатары болашақ отанқорғаушылардың денсаулығына мектеп қабырғасынан жіті көңіл бөлу керек деп есептейді. Халық қалаулыларының осы орайда, денсаулық сақтау басқармасына бірқатар ұсыныстары бар.

Ғафура Бөстекова – СҚО мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі:


– Әр баланың амбулаторлық картасы бар. Онда оқушылардың денсаулығы жайлы барлық ақпарат болуы тиіс. 17 жасқа дейін барлығының денсаулығы жақсы болады. Ал әскери комиссариатта медициналық тексерістен өткенде бәрі кересінше болып шығады. Бұл олқылықты түзету керек.

Отырыста кәмелет жасына толмағандардың тәртібі туралы да сөз қозғалды. Қазіргі таңда мәдени-ойын-сауық орталықтарында ішімдік сатуға рұқсат берілген. Депутаттар бұл сауда тоқтатылуы тиіс дейді. Оған қоса аталмыш мекемелерде санитарлық талаптар да сақталмаған. Мұндай олқылықтарды депуттаттар тәртіп сақшыларымен бірлесіп өткізген рейд барысында анықтапты. Заң бойынша талапқа сай келмейтін ойын-сауық орталықтарының жұмысын жарты жылға тоқтатуға болады. Оның өзінде бұндай шара тұрғындардың шағымы негізінде ғана жүзеге асады екен.

Берік Қасен