Қоғам

СҚО-да заң бұзушылықтар азайған

Бұған жолдардың жөндеу көріп, жиі апат болатын орындардың картасы жасалғаны септескен. Полицейлер де тиісінше алдын-алу шарарын жүргізіпті. Одан бөлек 133 тексеріс жүргізіп, 1690 құқықбұзушылықты анықтаған.

Марат Ахметов – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті СҚО бойынша басқармасының бастығы:


– Нәтижесінде 244 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Өкілетті орган өкілдері 110 250 әкімшілік істі қарап, құқық бұзған 67 821 тұлға жалпы соммасы 1 млрд 278 миллион теңгеден артық айыппұл төледі. Өзге құқықбұзушылар тиісті жауапкершілікке тартылды.

Құқықтық статистика өкілдері өңірде қылмыстық ахуал да біршама жақсарғанын ауыз толытырып айтып отыр. Ауыр қылмыс жасау 13, аса ауыр қылмыс 18 пайызға кеміпті. Ұрлық пен қылмысын қайталағандардың статистикасы да көз қуантады. Тек есірткі сатып пайда тапқысы келтенідердің саны көбеймесе азаймай тұр. Оған қарамастан, республикада осы бағытта тіркелген құқықбұзушылтықтың тек 2 пайызы Солтүстік Қазақстанға тиесілі.

Махаббат Кәрібайқызы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті СҚО бойынша басқармасының бастығының орынбасары:


– 9 айда облыста сотқа дейінгі тергеу реестрінде 5806 қылмыстық құқықбұзу фактісі тіркелді. Былтырғыдан 26 пайызға төмен. Дегенмен, Петропавлда құқықбұзушылық ең көп орын алатын көңіл көтеру орындарының көшін “Шоколад” клубы, “Ностальжи”, және “Фантазия” дәмханасы бастап тұр.

Бұл аталмыш мекемелер әкімшілігінің алдын-алу шараларын жөндеп жүргізбеуі салдарынан екен. Жалпы Солтүстік Қазақстанда 7 мың 600 бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Соның есебінен де, жасалатын қылмыстар саны кеміп отыр.

Акбопе Танирберген