Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Бомж” операциясы өтті

Шара аясында тәртіп сақшылары қаламыздағы 100-ден аса қираған үйлерді, жертөлелер мен құдықтарды тексеріпті. Осылайша 198 қаңғыбасты тапқан. Олардың 30-ында құжаттары болмаған. Полицейлер үй-күйсіз жүрген жандарды қабылдау-тарату орнына апарыпты. Онда кезбелердің куәліктері тексеріледі, саусақтан таңба алып, медициналық қызмет көрсетіледі. Операция барысында құқық қорғаушылар көші-қон заңнамасын бұзған 12 фактіні анықтапты. Тағы, 1 қылмыстық іске қатысы бар деген күдікті мен 2 борышкерді тапқан.

Руслан Әлібаев – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ қабылдау-тарату орнының бастығы:

– Рейд кезінде бір күнде 20-25 қаңғыбас адамды әкелеміз. Мында келген жандарды тіркейміз, суретке түсіріледі. Кейін босатамыз. Жалпы, жыл басынан бері қабылдау-тарату орнында 2 жарым мыңнан аса адам болды.

Байболат  Култанов