Мәдениет

Петропавлда гастрольдік сапармен Буа мемлекеттік драма театры болып қайтты

Бүгін сахна төрінде жарқыраған Раиль Сагдиев – Татарстан елінің еңбек сіңірген әртісі. Қазіргі таңда ол Буа мемлекеттік драма театрының көркемдік жетекшісі мен директоры. Сонымен қатар, театр актерлерімен бірге сахнаха шығып, спектаклдерде ойнайды. Бүгінгі қойылымда да басты рөлдердің бірін сомдап шықты.

Раиль Сагдиев- Буа мемлекттік драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі:

– Басында Қарағанды қаласына ғана баратын ойымыз болды. Кейін Астана қаласына да барып қайттық. Бұл жолы петропавлдық көрерменді қуантудамыз. Жалпы үш спектакль мен балаларға арналған екі спектакіліміз бар.

Осы жылы татар театры 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. Өнер ұжымында 78 адам қызмет етеді. Ал бүгінгі қойылымды сахналауға тек 14 адам жұмылдырылған. Спектакль отбасындағы қарым-қатынастарға арналған. Гастрольге келгендердің бірі – Аниса Сагееваның сахна төрінде жүргеніне 8 жылдың жүзі болыпты. Бас кейіпкердің ашынасы – Зайнаптің рөлі – актриссаның сүйікті образдарының бірі екен.

Аниса Сагеева – Буа мемлекеттік драма театрының актриссасы:

– Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Өте бауырмал халық екен. Бізді жақсы қарсы алды. Менің кейіпкеріме келетін болсақ, ол алдына мақсат қоя білетін адам. Бірақ жағымсыз тұстары да жоқ емес. Образға толығымен кіруге тырыстым.

Спектакль көрермендердің көңілінен шықты.

“Өте қызықты қойылым. Актерлердің өнерлі екені көрініп-ақ тұр”.
“Тамаша спектакль. Өзіміздің туған тілімізді естіп, бір қуанып қалдық. Татар тілінде сахналанған қойылымды көрмегеніме бірақ болды”.

Айта кетейік, өнер ұжымы Қазақстанға соңғы рет 30 жыл бұрын келген. Алдағы уақытта театр ұжымы Қытай, Израиль, Белоруссия елдерініндегі көрермендерді спектакльдерімен баурамақ.