МТРА жаңалықтары

Өңір тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлері тиісті деңгейде көрсетілуде

Мұнда Алик Шпекбаев ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесіндегі емтихандарды тіркеу тобының жұмысымен танысты. Бұл жерге жыл басынан бері тұрғындардан көліктерді тіркеу мен машина жүргізу куәлігін алу үшін 1200-ден аса өтініш түсіпті. Нәтижесінде жарты мыңға жуық жерлесіміз сынақтан өтуге жіберілген. Оның 70 пайызы темір тұлпарларды басқаруға рұқсат беретін куәліктерін алған. Мамандардың жұмысымен танысқан мейман нысанның құрылысынан хабардар болды.

Тағы, Алик Шпекбаев өтініш пен шағым жазылатын кітапшаны қарап шықты.

Нысанның іші тар. Әсіресе, халыққа қызмет көрсететін бөлмелер кішкентай. Оған қоса мұнда электронды табло жоқ. Тағы, тұрғындар бір-ақ терезеден қызмет алады. Бұл олқылықтарды агенттік өкілі реттеуді тапсырды. Бұдан соң, Алия Шпекбаев көші-қон тобының жұмысымен де танысты.

Азат Сембаев – Мамлют аудандық ІІБ көші-қон тобының аға инспекторы:

– Шетел азаматтарын уақытша тіркеу жұмыстарымен айналысамыз. Жыл басынан бері 605 адамға қызмет көрсеттік. Бүгіннің өзінде бізге 2 тұрғын келді. Жаз мезгілінде жұмыс көп болды. Қазір біраз саябырсыды.

Ал, бұл – Мамлют аудандық халыққа қызмет көрсету орталы. Мұнда жыл басынан бері 16 мыңнан аса тұрғын келген. Оларға 7 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

Бұл жерде кезек күту деген мүлде жоқ. Адамдарға түрлі мемлекеттік қызмет жылдам көрсетіліп жатыр. Мамандардың ісіне Алик Шпекбаевтің көңілі толды.

Алик Шпекбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:


–  Сапалы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіліп жатыр. Бұл әрине көңіл қуантады. Мұндағы қызмет түрлері Астананыкімен бірдей деуге болады.

Бұдан соң, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары жұмыс сапарын Петропавл қаласында жалғастырды.

Байболат Култанов