Спорт

Қазанның 21-і кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді

33 жасар спортшы боксқа 11-сынып оқып жүргенде бет бұрған. Ол кезде қарапайым қазақ жігітінің ел жалауын әлем ареналарында желібертетінін кім білген?!

Жанат Жақиянов, аса жеңіл салмақта WBA супер және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы:

– Шаршы алаңдағы әр жекпе-жеке апталап, айлап дайындаламын. Физикалық және психологиялық тұрғыда шаршаймын. Сол кезде кәсіби боксты тастап, бапкерлік қызметке бет бұрсам деген ой келеді. Кейін еңбегімнің есесі артығымен қайтатынын түсініп, шымдамдылық танытамын, өзімді өзім қайраймын.

Шетелде оны “Duble Z” деп атады. Кәсіқой бокстағы алғашқы кездесуін Жанат Жақиянов 2007 жылы өткізген. Содан бері шаршы алаңға 28 рет шығып, 27-сінде қарсыласын тізе бүктірген. Теріскейлік тарлан күніне екі-үш рет жаттығады екен. Шаршы алаңдағы жеңістердің алғышарттары – жаттығулардағы табанылық пен шыңдалған шеберлік дейді чемпион.

Жанат Жақиянов, аса жеңіл салмақта WBA супер және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы:

– Мені жақсы қарсы алды. Өте ризамын. Қазақтың көк туын желбіретуге дайынмын.

Болат жұдырықты қазақ жігітінің келесі кездесуінің ауылы алыс емес. Алдымыздағы сенбі, қазанның 21-і, Ирландияның БЕлфаст қаласында Жанат Жақиянов аталған ел боксшысы Райан Бернеттпен қолғап түйістіреді. Шаршы алаңдағы ұрыста Жанат өзінің чемпиондық атақтарын қорғайды. Бұл күні солтүстікқазақстандықтар және күллі қазақ жұрты жерлес боксшыға жанкүйер болмақ.

 

Саят Ермек