МТРА жаңалықтары

Пайдалы тамақтану ұлт болашағы

Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жояды. Майлы тағамдар мен фас-фудтың зияны да айтылды. Ал, мұны оқушылар біле ме?

Арыстан Төлегенов:


– Күнделікті спортпен айналысамын. Майға қуырылған тағамдарды жақсы көрсем де, жемеуге тырысамын. Себебі, мен үшін денсаулық бірінші орында.


Екатерина Курина:


– Менің қатарластарымның дені фас фудты жақсы көреді. Оның зиянын да күнделікті естіп жүрміз. Сонда да тез әзірленетін тағамдарға әуеспіз.

№23 орта мектептің асханасында газдалған сусындар, қуырылған тоқаштар, қышқыл сүт өнімдері сатылмайды. Тек пайдалы тағамдар ғана қойылған дейді, білім ошағының дәрігері. Балалрға берілетін астың құрамы да күнделікті тексеріліп отырады екен. Мұндай шаралар ұрпақ денсаулығы үшін маңызды.

Гүлнара Сейітова, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім жетекшісі:

– Мұндай интерактивті оқыту семинарлары өңірдің барлық мектептерінде өткізіп жатырмыз. Біз балаларға дұрыс тамақтану мен физикалық тұрғыда даму жайлы дәріс оқимыз. 2 қарашаға дейін қаланың барлық мектептерін аралып үлгереміз. Бала – күн сайын дамыйды. Ойлау қабілеті қалыптасып жатыр. Бұл ретте тамақтануы мен спортпен айналысып, жеке бас тазалығын сақтануы маңызды рөл атқарады.

Петропавлда 37 меткеп, 56 мектепке дейінгі мекеме бар. Ал, СҚО-да 71 мыңнан артық оқушы бар. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары олардың барлығына бүгінгі семинарды өткізетін болады.

Акбопе Танирберген