Қоғам

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:


– Бұл өткен жылмен салыстырғанда 105,4 пайызға артық. Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі – 113,3 млрд теңге. Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін тамақ өнімдері алады. Машина жасау өндірісінің көлемі – 2,2 есе, жеңіл өнеркәсіп – 1,6 есеге ұлғайды.

Қазір өңірде құрылыс жұмыстарының қарқын алғаны белгілі. Оны статист мамандардың сандары да растап отыр. Биыл аймағымызда 81 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Сондықтан болар баспананы қолданысқа енгізу бойынша өлкеміз республикада 6-шы орында тұр. Күн көріс минимумына келсек, қыркүйек айында ол – 23681 теңгені құрады. Солтүстікқазақстандықтар қаражатының көп бөлігін азық-түліке жұмсайды екен. Яғни, ақшаның 14 мыңнан астамы тамақ алуға кетеді. Олардың бағасы бірақ күн санап өсуде.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:


– Ет пен балық өнімдері – 18,5 пайызға, сүт, май және жұмыртқа өнімдері – 14 пайызға, жеміс пен көкөністер – 17,1 пайызға өсті. Қант. Шай және дәмдеуіштер – 2,4 пайызды құраған. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұтыну бағалары өсу қарқыны республикада жоғары қалыстасты. Инфляция екі пайызды құрады. Азық-түлік бағасы 3,7 пайызға қымбаттады.

Одан қалыспай, азық-түлік емес тауарлар құны – 4,4, пайызға ал, халыққа көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінің бағасы – 7,2 пайызға артты. Бұл ретте тұрғындарға қатты әсер еткені коммуналдық төлемдердің шарықтауы болған.

Мағжан Ахмадина:

 


– Өңірдегі көші-қон көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жыл басынан облыстан 20 мыңнан астам адам қоныс аударса, келгендер саны – 16553. Бала туу бойынша нәтиже өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 6,6 пайызға кем.

Бір кездері аймағымызда ажырасулар саны күрт артып кеткен еді. Әйтеуір, биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға кем. Жыл басталғалы 1315 жұп ажырасса, отау құрғандардың саны- 2606.

Мағжан Ахмадина