МТРА жаңалықтары

Өңірде қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы жалғасуда

Бірі білім, екіншісі денсаулық сақтау саласында қызмет атқарды. Араларында талай жыл танап басында тер төккендері де бар. Сол себепті, қадірлі қонақтарға арналып дастархан жайылыпты. Келген жандарды қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығымен “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов құттықтады.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Сіздер нағыз еңбек адамдарысыздар. Заманның қиындығына қарамастан әр салада жұмыс істедіңіздер. Мұны, біз білеміз. Атқарған қызметіңіз жастарға үлгі. Солар өздеріңіз сияқты тер төксе нұр үстіне нұр болады.

Бүгінгі шараға Жасұлан Кенжетаев қатысып отыр. 69 жастағы қария жас күнінде Смирнов совхозында сауыншы болыпты. Қолмен сиыр сауған. Кейін, зоотехник қызметін атқарған. Зейнеткер бүгінде қалада тұрып жатыр. Азаматтың жалпы енбек өтілі 46 жылдан асады.

Жасұлан Кенжетаев – зейнеткер:


– 16 жастан бастап сауыншы болдым. Кейін, әскерге кеттім. Отан алдындағы борышымды өтеп келген соң қайта сауыншы болды. Жұмыс ауыр болатын. 5-тен тұрып, түнгі 1-ге дейін жұмыс істейтінбіз.

Бүгін “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 13 қариямен кездесті. Отырыс соңында қарттарға Елбасы жайлы жазылған “Құрыш тұлға” атты кітап сыйға тартылды. Айта кетейік, бүгінге Петропавлда 56 мыңнан аса зейнетақы мен жәрдемақы алатын жан тұрады.

 

Култанов Байболат