Қоғам

Облыс орталығында Мамлют ауданының мәдениет күндері өтті

Алмагүл Рамазанова – Мамлют ауданы әкімінің орынбасары:


– Қалалықтар осындай мерекені жиі ұйымдастырып тұру керек деп есептеймін. Шақырылған адамдардың бірі қалмай мерекеге келді. Араларында әскери қызметкерлер, студенттер, қарт адамдар және түрлі ұйым өкілдері бар.

Осы күні келуішлер 20 нөмірден тұратын концерттік бағдарламаны тамашалай алды.
Ауылдық, селолық округтерден келгендер үздік қойылымдарын ұсынып, ән-жырдан шашу-шашты. Ұжымдар көрерменнің көңілінен шығуға тырысты.

Сахнада халықаралық байқаулардың жүлдегерлері өнерлерін ортаға салды. Солардың бірі Даша Дмитриева ән салғанды ұнатады.

Дарья Дмитриева:


– Осы өнер түрімен 6 жыл мықтап айналысып жүрмін. Есейгенде музыка пәні мұғалімі болғым келеді. Бар білгенімді балаларға үйретсем деймін. Олардың бойында бұғып жатқан талантын жарыққа шығаруға көмектескім келеді.

Мәдениет күндерін өткізу жөніндегі эстафетаны Тимирязев ауданы алды. Аталған аудан тұрғындарының өнерін қазанның 26-сы және 27-сі тамашалауға болады.

Берик Касен