Құқық қорғау органдары

Көлік нөмірі талапқа сай болуы керек

Бұл былай тұрсын, қазір нөмірлерін бояп, жазу жазып, тіпті қасына суретін жабыстырып алатындар бар. Жүргізушінің мұндай сәнқойлығы мемлекеттік заңнамаға қайшы.

Сергей Гизбрехт, СҚО ІІД тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің басшысы:


–  Стандартсыз, яғни жасанды нөмірлік белгілерді қолдану әкімшілік кодекстың бабымен қаралады. Сотқа дейін барып, иесі жүргізуші куәлігінен де айырылуы мүмкін.

Мына 20 жастағы петропавлдық жігіт бұл тұрғыда тіпті артық кеткен секілді. Қарайым нөмірі ұнамай қалды ма, үш әріптен тұратын әдепсіз сөзбен әрлеп, басы дауға қалды. Оның кретативін бағаламаған полицейлер бірден екі әкімшілік хаттама толтырды. Көлігінің бамперы, алдыңғы бұрылыс көрсеткіші тағы жоқ.

Шәмшиден Ақышов, Перопавл ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:


– Жүргізуші ұсталды. ӘК-тың 434-ші “Ұсақ тәртіп бұзушылық” бабымен қаралуда. Оның санкциясы 10 АКК айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу жазасын қарастырады.

Мемлекеттік нөмірде – маңызды ақпарат көрсетілген, сондықтан заңнамада көрсетілген нұсқаға сай болуы керек.

Акбопе Танирберген