Ауыл шаруашылығы

Тұрақтандыру қоры қоймаларды азық-түлікке толтыруда

Анна Кабылкина, қала тұрғыны:

– Коммуналдық базар үйіме жақын. Қаламыздағы желілік супермаркеттер мен өзге сатушылардың тауарына қарағанда мына дүңгіршекте өнім әлде-қайда арзан. Жүрген жерімде әр өнімнің бағасына көңіл аударып, салыстырып жүремін. Үйге нағыз қажет тағамдарды осы жерден аламын.

Тұрақтандыру қоры бекіткен бағамен сатылатын тауарды өзге дүкендерден де кездестіруге болады. Олардың құны үнемі қадағаланады. Қала қоймалары – мұндай өнімдерге толып тұр.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Петропавлда “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясына тиесілі осындай 5 қойма бар. Қырыққабат, пияз, күріш, қарақұмық сынды тауарлар қаладағы дүкендер мен арнайы нүктелерде арзан бағамен сатулы үшін осы жерден жеткізіледі. Мұнда аталған тауарларды бұзылып кетпейтіндей жыл он екі ай сақтайтын мүмкіндік бар.

Қазір мұнда былтырдан қалған 5 мың литр күнбағыс майы, 290 тонна қант, 31 тонна күріш пен 28 тонна қарақұмық жармасы бар. Көкөністің алды ендігі қоймаларға жеткізілген. Сәбіз Тайынша ауданынан әкелінсе, Пияз, картоп – “Зенченко и К” КС-нен алынған. Қырыққабатты “Атамекен-Агро” егіпті. Басқалары өзге өңірлерден әкелінеді.

Гамали Жұмашев, «Солтүстік» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Биыл 500 тонна картоп, 100 тонна қырыққабат, 100 тонна пияз, 100 тонна сәбіз жеткізу туралы аудандармен келісімшарт жасастық. Барлық көкөніс жергілікті өнім. Одан бөлек, 25 тонна күнбағыс майы, 612 тонна қант, 29 тонна қарақұмық жармасын жеткізу жайлы Алматы және Шығыс Қазақстанмен келісімшарт жасалды. Ол өнімдер желтоқсан айында толық жеткізіледі. Ал, бөлшек бағасын тұрақтандыру қоры бекітеді.

Тұрақтандыру қоры бағаның тым шарықтамауына кепіл. Қоймада сақталған азық-түлік нарықтық бағаны біршама ұстап тұруға мүмкіндік береді екен.

Мұрат Нұрқанов,СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

– Сатып алған азық-түлік тауарлары қымбаттап кетсе, нарықтық интервенциямен сатуға шығарамыз. Көкөністерді сату алдағы жұмада басталады. Стабфонтқа сатып алған көкөністер сәуір-мамырға дейін жетеді. Қыста көкөніс қымбаттап кетпеу үшін аудандармен жұмыс жасалып, ондағы кәсіпорындар қалаға жеткізетін дей мәселер шешіліп жатыр.

Ал, тұрақтандыру қоры бекіткен бағамен сатылатын азық-түлік нүктесі – “Тайга”, “Дәрия”, “Корона” және “Коммуналдық” базарларында орналасқан.

 

Акбопе Танирберген