Өнеркәсіп

“Единство” ЖШС темір бетондарына сұраныс артты

Сәйкесінше, бұл тауардың өзіндік құнын төмендетуге өз септігін тигізуде. Материалдардың өндіретін кәсіпорындарға мемелекет тарапынан қолдау ерекше. Былтыр “Единство” компаниясы
“Бизнестің жол картасы” бағдарламасына қатысып, цехта жаңғырту жұмыстарын жүргізіді. Ескі қондырғылардың орнына шетелдік өніміділігі жоғары баламалары басты. Сәйкесінше, бір өнімді әзірлеуге уақыт аз екететін болды. Мына италиялық машина бір ауысымда іргетас блоктарының 40 данасын шығаруға қауқарлы.

Сондай-ақ, мұнда қырлы кесекті маңдайшалар, плита, құдықтар шығарылады. Соңғысын түрлі мақсатта пайдалануға болады. Осында сыртқы және ішкі қабырға панелдері әзірленеді. Жұмысшылар мына қалыпқа қолдан тоқылған темір торды орнатып, үстіне бетон құяды.

Қазиза Ахметжанова – “Единство” ЖШС өндірістік цехының шебері:

– Қабырға панелі үш бөліктен тұрады. Ортасында жылу өткізбейтін материал бар. Сыртқы бетонның сапасы жоғары, “В 30” деп аталады. Қас бетін кедір-бұдыр етіп жасаймыз. Оған плита кеспелері жақсы жабысады. Мұны сырлауға, әктеуге болады. Жалпы қалыңдығы 380 милиметр.

Мұнда тапсырыс берушінің қалауына сай түрлі көлемдегі сыртқы панелдер жасалады. Тиісінше, онымен аумағы түрліше пәтерлерді тұрғызуға келеді. Осы күні өндірістік цехта 140 адам еңбектенеді. Соның 28 пайызы жұмысқа үстіміздегі жылы орналасқан.

“Единство” компаниясы заман талабына сай алға басып келеді. Биыл жоғары сұранысқа ие тауар аталымын 25-ке көбейтіп, жалпы санын 113-ке жеткізген. Өйткені, құрылыс саласына деген қажетілік өсіп келеді. Тапсырыстар көлемінің 62 пайызға көтеріліуіне байланысты компания еңбеккерлерінің жалақысы да өскен. Бүгінде орташа айлық 120 мың теңгені құрайды.

Зульфия Халитова – “Единство” ЖШС директорының орынбасары:

– Жыл басынан кәсіпорында 736 млн теңгенің өнімі шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62 пайызға жоғары. Темір бетон өнімдерінің түрі 25 аталыммен толықты. Біздің зауыт құрылыс жұмыстарына қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі таңда зауыт 70 пайыз қуатында, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Жыл басынан бері кәсіпорын 15 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын өндіріпті.

“Единство” ЖШС көппәтерлі тұрғын үйлерді салумен де айналысады. Қазір мекеме баспаналарды ірі панелдерден тұрғызуда.

Зульфия Халитова – “Единство” ЖШС директорының орынбасары:

– “Единство” компаниясы “Береке” шағын ауданында ірі панелді 3 бірдей тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға шақ қалды. Екеуі 78, біреуі 75 пәтерлік баспаналар. Үйлерді панелден салудың артықшылығы көп. Баспананы тұрғызу мерзімі қысқарады.Оны қыс мезгілінде де көтере беруге болады. Сапасы жағынан кірпіш үйлерден кем емес. Панел үйдің ішіне бөгде дыбыстар мен салқынды өткізбейді.

Бүгінде темір бетон өнімдерін шығаратын зауыттар еліміздің барлық өңірінде дерлік бар. Сондықтан жергілікті кәсіпорын өңір сұранысын қанағаттандырумен ғана шектелуде.


Берік Қасен