Спорт

Петропавлда Х Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті

Әлмұрат Бектеміров – СҚО Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– Олимпиаданың бүгінгі кезеңіне 20 бала қатысып отыр. Олар іріктелініп алынды.

Бүгінгі іріктеу кезеңі қос турдан тұрды. Алғашқыда балалар математика, физика, химия және биология пәндерінен құралған 40 сұраққа жауап берулері шарт. Тапсырманы 120 минут ішінде орындау қажет. Мектеп оқушыларының жұмысы қатаң бақылауда. Олимпиаданың өту барысын қашықтықтан ҚР Білім және Ғылым министрлігіне онлайн-режимде көрсетілуде. Оған қоса аталған ведомста өкілдері де осы аудиторияда жүр. Мамандар қандай бір құқық бұзушылық байқаса қатысушыны бірден сыннан алып тастайды. Міне, көздің ашып жұмғанша 2 сағат та сырғып өтті. Белгіленген уақыт ішінде өз тапсырмасын Ақжан Қали аяқтап үлгерді. Бойжеткен 39 балл жинапты.

Ақжан Қали – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Есептер аса қиын болған жоқ. Тек, уақыт аз болды. Тапсырмаларды орындауға уақыт жетіспеді.

Ал, екінші турда қатысушылар эссе жазды. Тақырыптар ҚР Білім және Ғылым министрлігінен беріліпті. Жалпы, олимпиаданың қорытындысы алдағы бірер күнде белгілі болады. Айта кетейік, бүгінгі кезеңнен сүрінбегендер қарашаның 7-сі мен 10 күндері Теміртау қаласында өтетін республикалық жарысқа қатыспақ.

 

Култанов Байболат