Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет қолдауы мығым

Ғаббас Жанатаев – «Сервис Жарс» ЖШС директорының орынбасары:

– Бункер накопитель 3 дана алдық. Кировец -2, Кузбас алдық. Тракторлар алдық. Макдон сынды тенхникалар алынды. Солардың арқасында биыл орақ науқанын уақытылы аяқтадық.

Алқапта техника жүйіткіп, сынбай жүрсе диқандар қауымына сол маңызды болмақ. Сондықтан оны жаңартып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал қаржы жетпесе, аграрийлерге мемлекет қолдау көрсетуге әзір.

Бейбіт Сыздықов – «ҚазАгроҚаржы» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– 2017 жылы «Қазагроқаржы» АҚ-ның облыстық филиалы 213 бірлік техника алу үшін 4,5 млрд теңге қаржы бағыттаған. Соның ішінде 22 пайызы, яғни, 1 млрд теңгеге 74 бірлік отандық техника алынған.

Қаржы мекемесінің ұсынып отырған шарттары да тиімді. Техника лизингке беріледі.

Бейбіт Сыздықов – «ҚазАгроҚаржы» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Техниканы алу үшін қосымша кепіл керек емес. Қаржыландыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін. Сыйақы ставкасы – 14,5 пайыз. Алғашқы лизингтік төлем 15 пайыздан бастап.

Ал аудандар арасында техниканы сатып алу белсенгділігі бойынша Ғ.Мүсірепов, Шал ақын және Қызылжарлық шаруалар көш бастап тұр.

Магжан Ахмадина