МТРА жаңалықтары

Жат ағымдардан жастардың бойын алшақтату жұмыстары

Роза Қасенова – СҚО дін істері басқармасы бөлімінің басшысы:

– Елімізде тыйым салынған 23 ұйым бар. Олардың – 21-і экстремистік, террористік бағытты ұстанса, қалған екеуі – табиғатта жоқ ғажайып күшке сеніп жүретіндер. Осындай деструктивті ағымдардың жетегінде көбіне ойлары қалыптаса қоймаған жастар кетіп жатады. Теріс ағымдар өз мақсаттарында, әсіресе, әлеуметтік желілерді пайланады. Сондықтан, осының барлығын зерттеп отыру маңызды.

Жыл басынан бері облыста миссионерлік қызметтерін дұрыс атқармай, діни әдебиетті рұқсат етілмеген жерде таратқан 9 азамат әкімшілік жазаға тартылған. Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзып, темір тордың ар жағында отырғандармен де имамдар аптасына бір рет болсын, жұмыс жасауға тырысады. Облысымызда ондай 40-қа жуық азамат бар екен. Абақтыда жазасын өтеп жатқандардың көбі діни сауатсыздықтан аяғын шалыс басқан дейді дін өкілдері.

Хамзат Әділбеков – Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің араб тілі ұстазы:

– Білместікпен қателескендер бар. Аранйы оқығандар бар. Солардың қаншалықты оқығаны көреміз. Бұл әрине бір жылдық жұмыс емес. Олар түрмеден шыққана кейін де байланыста боламыз.

Жиында түрлі тақырыптарды қамтыған баяндамалар оқылды. Одан шыққан қорытынды бір. Яғни, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетпей, ақ пен қараны ажырата алу үшін ақпарат жұмыстары ақсамауы тиіс.

 

Магжан Ахмадина