МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында СҚО ТЖД жедел құтқару отряды ашық есік күнін өткізді

Қысқаштан от ұшқыны шықпайды, тиісінше, көліктің қызыл жалынға орнау қаупі төмен. Осының бәрі жастарға жіті түсіндірілді. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенті Дәурен Ескен осындай шарадан көп нәрсені ойына тоқып алды.

Дәурен Ескен – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенті:

– Арқанды түюді, мына қысқышпен қолдануды үйретті. Бас жарақатын алмас үшін құтқарушылар басына каска киіп алады. Болашағын осы мамандықпен байланыстырғысы келетіндер өкінбейді деп есептеймін.

Құтқарушылардың жұмысы тынымсыз қимыл-қозғалысты қажет етеді. Оған екінің бірі шыдай бермейді. Сондықтан осы қызметке орналасқысы келетіндердің физикалық дайындығы жақсы болғаны жөн. Мысалы, биыл жыл басынан бері мамандар 316 рет жедел шақырту алған. Төтенше жағдайлардың басым көпшілігі авариялық-құтқару жұмыстары. Ашық есік күніне қатысқан студенттерге бәрі қызық. Бастарына каска киді, жол талғамайтын көліктің ішін көрді. Оны құтқарушылар қолайсыз ауа-райында пайдаланады. Ауыр емес, салмағы шамамен 700 килогра́мм. Оны бір адам орнынан қозғалта алады.

Алтай Тезекпаев – СҚО ТЖД СҚО ТЖД жедел құтқару отрядының жетекшісі:

– Қозғалтқышы, раздаткасы, каробкасы ғана салмақ беріп тұр. Каркасының барлығы альюминийден жасалған. Бұл көлік батпақта, омбы қарларда жүреді. Осы көлікпен қиын жағдайларда қалған адамдарға көмек көрсете аламыз.

Жедел құтқару отряды іс-түссіз жоғалған адамдарды іздейді. Жыл басынан құтқарушылар жоғалған 39 солтүстікқазақстандықты тауыпты.

Ильдар Хайрутдинов – СҚО ТЖД СҚО ТЖД жедел құтқару отрядының бас құтқарушысы:

– 9 айдың ішінде 420 адам құтқарылды. 23 пайызы балалар. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сүңгуірлер 22 адамның денесін су қоймаларынан алып шықты.

Осы ретте биыл көктемде орын алған су тасқынында да жедел құтқару отрядының орасан еңбегін атап өткен жөн.

Берік Қасен