Спорт

Қарымта кездесуде “Құлагер” ХК павлодарлық “Ертіс”-ті тізе бүктірді

Алайда, павлодарлық жігіттер өліспей беріспек емес. Оны жанкүйерлер өткен кездесуде байқаған. Кезең аяғына 2 минут қалғанда 23 нөмірлі Ертіс шабуылшысы Михаил Качулин шайба салды.

Үшінші кезеңде де Белан бастаған жігіттер жарады. Басымдылықты еселей түсті. Ойынның 52-ші және соңғы 59-шы минуттарында Коптяев пен Незнамовтар ерекшеленіп, есепті 4:1 жеткізді.

Евгений Пашков, “Құлагер” ХК қорғаушысы:

– Ойын біз үшін жақсы өтті. Қарсылас та осал емес, оны өткен кездесуден көрдіңіздер. Алайда Ертіске 3 ұпайды сыйға тарту өкінішті болар еді. Сондықтан жігіттер барын салып ойнады. Құрамамыз мықты. Алайда мүмкіндіктерімізді кездесулерде толық қолдана білуіміз керек. Бұл мақсатта жұмыс жасайтын боламыз.

Сәтсіздіктен кейін жинақылық танытып, жеңіске жеткен құлагерліктер ел біріншілігінің турнир кестесінде 36 ұпаймен көш бастап келеді Кездесулер сериясының келесі легі қазанның 21-і мен 22-сі күндері өтпек. “Құлагер” командасы атыраулық “Бейбарысты” қабылдайды.

 

Саят Ермек