Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қаланы абаттандыру ісі қарқынды жүргізілуде

– “Петропавлов коммунхоз” серіктестігі Набережный көшесі бойында ағаш талдарын егуде. Бұл маңайға жабайы алма көшеттері отырғызылуда. Бұл ағаштар суыққа өте төзімді.

Бұл жақтың жері қатты. Күрекпен қазу қиындық тудырады. Сол себепті кәсіпорын қызметкерлі арнайы техниканың көмегіне жүгініпті.

Трактормен басқарылатын “Бара” деп аталатын құрылғы жерді оңай қазды. Топырақты да қопсытты. Енді, көшеттерді отырғызуға болады. Мамандар 1 метр аумаққа 7 бұтадан егуде. Сонда шіліктер жайқалып, жақсы өседі екен. Қызметкерлер артық өскіндерді де бірден қиып жатыр. Талдардың биіктігі 115-120 см-ден аспауы тиісті. Серіктестік мамандары 3-ші қалалық ауруханадан Жуков көшесіне дейін жабайы алма көшеттерін отырғызбақшы.

Дархан Айтпаев – қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:

– “Петропавл коммунхоз” кәсіпорны жас шіліктерді өңірдегі орман шаруашылықтарынан алуда. Көшеттер айлық аясында тегін беріліп жатыр. Облыс орталығында абаттандыру жұмыстары әлі де жүргізіледі. Алдағы уақытта Уәлиханов және Жәлел Қизатов көшелеріне тал отырғызылады. Ол жерлерге қарағай егу жоспарланған.

Жабайы алма шіліктері Брусиловский көшесі бойына да егіліпті. Тұрғындар қаламызда тал егу жұмыстарының қарқын алғанына қуанышты.

– Талдарды көп егу керек. Сонда қаламыз әдемі болады.

– Шіліктерді электр сымдары өтетін жерлерге отырғызған жөн. Тал қайың, шырша сияқты биікке өспейді де сымдарға жанаспайды. Әрі оларды қиып отыруға болады.

Айта кетейік, Петропавлда жас тал көшеттері күн қатты суытқанға дейін егілмек.

 

Култанов Байболат