Мәдениет

СҚО филармониясы 53-ші концерттік маусымын ашты

Марат Гайнуллин – СҚО филармонияның әншісі, “Азия саунд” тобының мүшесі:

– Осы маусымға біз өте қатты дайындалдық. Шетел музыкасын, африка әндері бар. Дайындық қызу болды. Халық енді бағасын бере жатар.

Облыстық филармония әртістерінің айтуынша, биылғы 53-ші маусымда солтүстікқазақстандық көрермендерді көптеген тосын сыйлар күтуде.

Мұхит Ахметов – СҚО филармониясының солисті:

– Биылдан тәжірибе ретінде бастап жатырмыз, әрбір коллектив пен ұжым өздері өз алдына жеке концерттерін береді. Айта кетсек, қазан айының 27-і күні эстрадалық-симфониялық және қазақ ұлттық оркестрі жеке концертін ұсынады.

Кеште қазақстандық және шетелдік әндер шырқалып, билер орындалды. Жалпы, облыстық филармонияның маусымашарына орай, ұжым 2 сағаттық концерт әзірлеген.

– Өте тамаша концерт. 00-11* Өте талантты, өнерпаз қыз-жігіттер бар екен. Қандай би ансамблі, өте көркем.

– Концерт көңілімнен шықты. 53-ші маусымның ашылуы құтты болсын. Бақ, құт-береке әкелсін. Өсе берсін өрістеп.