Спорт

Петропавлда маунтинбайктан чемпионат өтті

Павел Воропаев, жарыс жеңімпазы:

– Мәреден бірден алға шығып алдым. Басымдылықты қолдан бермеу үшін жарыс бойы жылдамдықты, қарқынды жоғалтпауға тырыстым. Соңғы 2 айналым қиынға соқты. Тынысым тарылып, жүру қиындап кетті. Алайда, алдыма ешкімді өткізбедім. Бұл – өте қауіпті спорт түрі.

Кейін кезек ересек спортшыларға берілді. 20 шақырымдық қашықтықты 50-ге жуық шабандоз еңсеруде. Мұндағы бәсекелестік деңгейі жоғары. Велосипед педалін тынымсыз айналдырып жатқандардың қатарында облыс чемпиондары, тіпті ел құрамасының өкілдері бар. Солардың бірі, өңір чемпионы Владимир Мулагалеев.

Владимир Мулагалеев, велоспорттан спорт шеберіне үміткер:

– Маунтинбайкпен 5-ші жыл айналысып келем. Досым ертіп алып келді. Екінші жаттығуда құлап, басымды жарақаттап алдым. Алайда, сауыққан соң велосипед тізгінін қайта қолға алдым. Жарыста үздік шығуға тырысатын боламын. Себебі, бұл жеңіс менің алдымда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, тау велосипедшілерінің биылғы облыс біріншілігі велоспорттан КСРО-ның спорт шебері, белгілі бапкер Николай Гребенщиковке арналып отыр.

Виктор Потапов, велоспорттан СҚО аға жаттықтырушысы, бас төреші:

– Николай Гребенщиков – Солтүстік Қазақстандағы велоспорттың негізін қалаушылардың бірі. Көп чемпиондарды тәрбиелеп шығарған. Еңбегін елеп, біріншілікті белігілі бапкерге арнап отырмыз.

Ересек маунтинбайкшілер додасында Никита Кабачок топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, грамоталар мен сыйлықтар табыстады.

 

Саят Ермек