Спорт

Алғашқы кездесуде “Құлагер” ХК павлодарлық “Ертістен” жеңіліс тапты

Осымен негізгі уақыттағы шайбалар саны таусылды. Үшінші кезеңде жанкүйерлердің қолдауы мықты болғанымен, жергілікті құрама екінші шайба соқпады. Қонақтар да “Құлагер” қорғанысын бұза алмады. Енді кезек – 5 минуттық овертаймда. Мұнда да құрамалар тең ойын өрнегін көрсетіп келе жатыр еді. Алайда, қосалқы уақыттың соңғы минутында “Ертіс” шабуылшысы Евгений Гасников қақпашы Янковпен бір де бірге шығып, айласын асырды.

Қорытынды есеп 1:2. Құлагерліктер жеңістер сериясын жалғастыра алмады. Ал Павлодарлық “Ертіс” 2 ұпайды еншіледі.

Александр Храмков, “Ертiс”ХК ойыншысы:

– Құлагер әрқашан мықты қарсылас болатын. Өте жылдам әрі жинақы ойнайды. Біздің команда тарапынан айыптар саны көп болды. Алайда қорғанысымыз сыр бермеді. Соңғы минутта жеңісті жұлып алдық.

Виктор Луговской, “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Екі команда да тең ойын өрнегін көрсетті. Алайда, овертаймда сәттілік жетіспеді, шайба жіберіп алдық. Жеңілістің орнын қарымта кездесуде толтыруға тырысатын боламыз.

Бүгін сағат 19:00-де “Құлагер” мен “Ертіс” командаларын қарымта кездесу күтіп тұр.

 

Саят Ермек