Қоғам

Зейнетке шығуына бір жыл қалғанда парамен ұсталды

Кейін анықталғандай, мемлекеттік қызметкер құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияны қысқа мерзімде беру үшін заңды тұлғадан 1 500 АҚШ долларын талап еткен. Айыпталушының адвокаты Александр Никитиннің құжаттары толық дайын емес болып шықты. Сондықтан қорғаушы судьядан отырысты кейінге шегеруді сұрады. Қалалық сот заңгердің өтінішін қабылдады. Кейінгі сот процесі қазанның 23-і өтеді.

Александр Никитенко – Валерий Затайдың адвокаты:

– Валерий Затай сол күні парамен ұсталғанда қамауға алынған жоқ. Кепілдікпен босатылды. Бұл шешіммен прокуратура да келісті. Ешқандай бұзушылық болған жоқ. Кепілдікке қойылған мүліктің сомасын айтуға құқығым жоқ. Бұл құпия. Менің қорғалушым кінәсін толық мойындады. Алдағы уақытта мен барлық материалдарды прокуратураға тапсырамын. Келесі сот отырысында бәрі белгілі болады.

 

Берик Касен