Құқық қорғау органдары

Теріскейлік тәртіп сақшылары 22 қылмыскердің тұрғылықты орындарын анықтады

Тимур Исмагамбетов – СҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қылмыстық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе Астана қаласына жұмыс сапарымен бардық. Жедел іздестіру шаралары барысында бірнеше рет қылмыс жасаған 1995 жылғы азамат ұсталды.

“Іздестіру” іс шарасының екі күнінде 22 қылмыскердің тұрғылықты орындары анықталыпты.

Тимур Исмагамбетов – СҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Қазанның 11-і мен 12-сі күндері облыс көлемінде “Іздестіру” шарасы бастау алды. Операция түрлі деңгейдегі қылмыс жасағандарды іздестіруге бағытталған. Екі күн ішінде 21 заң бұзушы құрықталып, іс-түссіз кеткен 7 адам табылды.

Бұған қоса, көршілес Ресейде қылмыс жасаған 6 азамат ұсталды.

Эльмира Садвокасова