Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК алматылық “Қайрат А” құрамасымен тең ойнады

Алғашқы таймда қос команда да гол соғатын мүмкіндік болған. Алайда, құрама жігіттері үзіліске тең тарасты.

– Қос команда да оңай шағылатын жаңғақ емес. Бір-біріне лайықты қарсылас. 1-ші таймда бір-бірінің қақпасына шабуыл ұйымдастырды, соққы бағыттады. Алайда, есеп ашылмады. Енді, келесі 45 минуттықтан гол күтеміз. Әсіресе, қызылжарлықтар есеп ашса нұр үстіне нұр болар еді.

Екінші таймда алғашқы кезеңдегі сценарий тұп-тура қайталанды. Қос ұжымда алға ұмтылып, гол соғудың амалдарын іздеді. Бірақ, негізгі ойын бөлігінде ауыз толтырып айтарлық оқиға орын алмады. Ал, төреші қосқан 5 минуттта жергілікті қорғаушы Мамуту Кулибали бұрыштамадан есеп аша жаздады.

Төреші ысқырығы шалынды. Ойын аяқталды. Осылайша Қызыл-Жар СҚ футбол клубы мерзімінен бұрын 1-ші лиганының күміс жүлдегері атанды.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:

– Қайрат А командасы жас ойыншылардан жасақталған. Өте жылдам жігіттер. Оған қоса командада Бауыржан Тұрысбек сынды ұлттық құрама сапында ойнайтын шабуылшы бар. Бізге бүгінгі кездесу оңай болған жоқ. Дегенмен, ұжым болып ойнап, тең түстік. Күміс алқамен барлық жерлестерімізді құттықтаймын.

Енді, солтүстікқазақстандық ұжым келесі кездесуін 29-шы қазан күні “Екібазтұз” құрамасына қарсы өткізеді.

 

Култанов Байболат