МТРА жаңалықтары

“Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының музейі жаңғырту жұмыстарынан кейін қайта ашылды

Петр Гладков – ҰОС ардагері:

– Мен өндіріс ошағында 1969 жылдан бастап жұмыс істедім. 11 жыл бойы Преснов топтық су құбырын басқарып, осы қызметтен зейнетке шықтым. Кәсіпорын ұжымына алғысымыз шексіз. Еңбегімізді елеп жатқандары үшін – рахмет. Әрбір мерекеде құттықтап жатады.

1987 жылы өндіріс ошағының 4 қызметкері Чернобыль атом электро станциясында орын алған жарылыс салдарын жоюға аттанған. Екі-үш айын мейірбике, аспаз және құбыр орнатушы сынды мамандар қауіпті аймақта өткізген. Ал, мына бұрыш ондаған қызметкерлер әулетіне арналған. Мұражайда сондай-ақ, кәсіпорынның тікелей жұмысын көрсететін су құбырлары мен сорғылар да бар.

Нұрлан Рамазанов – “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының бас диспетчері:

– Бұл мұражай – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық нысан болады деп ойлаймын. Қазіргі жастардың барлығы елбасы немесе директор болғылары келеді. Ал, біз музейге экскурсияға шақырып, оларға біздің қызметкерлердің жұмысы жайында баяндаймыз.

Жалпы, мұражай 2015 жылы ашылған. Ал, бірнеше ай бұрын ол қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жабылыпты. Нәтижесінде мағлұматтар толықтырылып, экспонаттардың қатары көбейді. Қазір кәсіпорында 800-ден астам адам қызмет етуде. Жалпы Есіл су өңірлік филиалы теріскейдің 214 елді мекені мен Қостанай облысының 18 ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуде.

 

Эльмира Садвокасова