Білім

Қазақша латын графикасының жаңа нұсқасын оқушылар талдады

Анастасия Гончарова, дарынды балаларға арналған “ЛОРД” мектеп-лицей-интернатының оқушысы:

– Латын қаріпі айтарлықтай қиын емес. Бірақ бүгін біздің топқа жаңа әліпбиге көшудегі кедергілерді тізу керек болды. Бірінші мәселе қазақ тіліне ғана тән 8 әріптің жанындағы апострофтар. Бір сөзде мұндай әріптің екі-үшеуі қатар келіп қалатын сөздер болады. Бір сөзде әріптер арасында бірнеше үтір кездессе оны бірден оқу қиын.

Данила Маслов, дарынды балаларға арналған “ЛОРД” мектеп-лицей-интернатының оқушысы:

– Меніңше егер қазақ тілін латынша қаріпке көшірсе, бұл – өзге елдердің біздің мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын тудырады. Біріншіден, тілді үйрену жеңілдейді. Себебі, қазір көп елдер дәл осы графикамен жазады. Сандық технология, медицина саласында да бір қадам ілгерілейміз.

Бүгінгі ашық сабақта оқушылардың келесі бөлігінен жасақталған сарапшы топ та бар. Жастар қазақ тілінің латын қарпіне көшірілуін қолдайды. Бірақ “Қ” әріпі латынша “Q” болып жазылмаса екен дейді. Тағы, қазақстандықтарға бұл жаңашылдықты тезірек меңгеруге көмектесетін мамандар қазірден дайындалып, елдің барлық құжаттары мен басылымдарды латынша қайта көшіретін арнайы топ жасақталуы керек дейді.

Оқушылар қазақ тілі тезірек латын қаріпіне ауыстырылса екен дейді. Жеткіншектер бұл арқылы барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылатын мүмкіндіктердің артатынына де сенімді.

Акбопе Танирберген