Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры жаңа маусымын ашты

Мейрам Сексенбаев – Облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Бүгін бізідң облыстық қуыршақ театры үшін үлкен мереке. 28 маусымымызды ашып отырмыз. Бұл көрермендерге де, бізге де үлкен жол. Әрине барлық ертегелілерде сияқты мейірімділік пен зұлымдық қатар жүреді. Адам мейірімді болса, зұлымдықты жеңеді. Бүгінгі спектакіліміз балаларға деген тартуымыз.

Қойылымда Герцогты сомдаған Нұрсұлтан Қалқабаев қуыршақ театырында 4-ші жыл жұмыс істеп келеді. Әр рөл ерекше дайындық пен жауапкершілікті талап етеді дейді ол. Бүгінгі кейіпкерін де актер жоғары деңгейде сомдап шықты.

Нұрсұлтан Қалқабаев – Облыстық қуыршақ театрының әртісі:

– Бұл менің осы театырдағы 4-ші маусымым. Ұжымымыз өте мейірімді. 4 жыл осылай өтіп кетсе де, жақсы әсер алдым. Әлі де әрі қарай қызмет жасай беремін. Үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Бүгінгі спектакіліміз көрермендер көңілінен шықты деп ойлаймын. Бұл қойылымға көп уақыт дайындалған едік.

Бүгінгі ертегіні тамашалауға келген бүлдіршіндер қойылымнан мол әсер алғандарын айтып отыр.

– Мен бұл театрға достарыммен бірінші рет келіп отырмын. Маған өте ұнады.

– Маған жалмауыз кемпірдің ойыны мен аспазшылардың биі ұнады. Екі герцогтың ойыны да өте қызықты болды.

Спектакльден кейін өнер ошағының дамуына үлес қосқан актерлар театр басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды. Айта кетейік, ұжым қараша айында гастрольдік сапармен Воронеж қаласына барып, “Степной ноктюрн” спектакілін ұсынбақ.