МТРА жаңалықтары

Сотталушылардың туындылары “Үміт-2017” көрмесіне қойылды

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

 


– Әсемдік, жылулық пен мейірім толы мына суреттерді биік қабырға, тікенек сыммен қоршалған абақтыда отырған жандар салды десе сенбеуіңіз мүмкін. “Үміт-2017” байқау-көрмесіне 39 картина қойылған. олардың барлығын да Солтүстік Қазақстандағы түрмелерде жазасын өтеп отырған қылмыстылар салған.

Бұл қабырғада ЕС 164/4 мекемесінде жазасын өтеуші Фарид Есмағанбетовтың 5 бірдей еңбегі ілулі тұр. Ол 19 жылға бас бостандығынан кесіліп, қазір оның 13 жылын өтеген. Темір торда өткізген мұнша уақыттың ішінде қылқалам мен бояу жанына серік болғанға ұқсайды. Еңбектері көптің ішінен ерекшеленіп тұр. Бояуы қанық “Менің түсім” аталған мына картинасы қазылар алқасын да таң қалдырмай қоймады. Фарид Есмағанбетовке осы суреті үшін бірінші орын берілді.

Сотталушылар салған суреттердің дені – “Туған жер”, “Көктемгі көңіл күй”, “Бала – болашақ”, “Ана” сыңайлы тақырыптарда салынған. Мына біреуі “Қателіктің бағасы” деп аталған екен. Одан әріректе ағаш пен темірден жасалған заттар қойылған. Бұл жерде қобдиша, астау, ас үй жабдықтары мен кәдесилар толып тұр. 34 қолөнер бұйымының ішінен қазылар алқасына ерекшесін таңдау оңайға соқпады. Деседе, 164/3 мекемесінде жазасын өтеушілер жасаған мына кеме бірінші орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, олардың темірден жасалған раушан гүлдері де көпшіліктің ерекше назарын аударды. Қазылар алқасы әр туындыны жеке-жеке зерделеп, қолөнершінің шеберлігіне баса назар аударды.

Солтүстік Қазақстан аумағында 6 түзету мекемесі бар. Онда 2000-нан артық азамат жазасын өтеуде. Бүгінгі “Үміт-2017” көрмесіне қойылған туындылар өңірдегі барлық оқшаулау мекелерінен жеткізілген. Қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері көрмеден кейін картиналарды қаладағы жетімдер және қарттар үйлеріне, мектептер мен балабақшаларға сыйға тарпақ.

Ақбөпе Тәңірберген