Қоғам

Қаланың қақ ортасында атыс ұйымдастырғандардың ісіне қатысты сот отырысы басталды

нда атыс болып, нәтижесінде Ербол Хамитов жарақат алған болатын. Міне, сол іске қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Темір тордың ар жағында бұрын бастары істі болмаған, жастары 20-21 аралығындағы қос айыпталушы – Темірлан Бектас пен Қайрат Аушахманов отыр. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 2-ші және 3-ші тармақтары бойынша кінә тағылуда. Айыпталушылар мұнымен келіспек емес. Алғашқы сот отырысында куәгерлер тыңдалып, олар сол түні «Парк сити» ойын-сауық кешені маңында түңгі сағат 4-тер шамасында орын алған оқиғаны еске түсіруге тырысты.

Хусеин Кисмати – куәгер:


–  Мен жазғы дәмхананың күзетшісі, әрі «Старый город» кешеніің дыбыс операторы болып жұмыс істеймін. Сол түні күзетшілік қызметімді атқарып далада тұрғанмын. Бір кезде Бектас пен Хамитов келіп, менен 2 метрдей жерде сөйлесіп тұрды. Кейін олардың қастарына Аушахманов қосылды. Тек ол бірден дауысын қатайтып сөйлеп, кейін жай тұрған Хамитовты екі рет беттен ұрды. Сосын Бектас та оны соғып жіберді. Кейін Хамитов есін жиып, оларға қарсы беттей бергенде, Темірлан Бектас бүйірінен тапанша алып шығып атып жіберді.

Магжан Ахмадина