МТРА жаңалықтары

“Серпін-2050” бағдарламасымен білім алып жатқан жастар танысты

Сымбат Нартбай, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті:

– Бүгін Абылайханның мөрі, шапанын көрдік. Саяхатымыз жақсы басталды.

Оңтүстіктен – Солтүсікке. Қазіргі күні «Серпін» бағдарламасы бойынша Павлодар облысында 1500-ден артық студент білім алады. Бүгін олар өздері сияқты мемлекеттік бағдарламаның аясында тегін біліп алып жатқан петропавлдық жастармен кездесті. Танысып қана қоймай, «Рухани жаңғыру” жайлы айтып, өздері аралаған еліміздің киелі жерлері туралы әңігімеледі. Жастардың көбі кеше ғана Елбасына ұсынылған қазақ тіліндегі латын графигіне тезірек көшіп алсақ деп құлшынып отыр.

Әйгерім Шыңғысқызы, Павлодар мемлекеттік техникалық колледжінің студенті:

– Біз жастар ағылшын тілін де оқып жүрміз. Меніңше лагын қаріпінің еш қиындығы жоқ.

“Серпін серпілісі” жобасына қатысып отырған 30 студент Павлодардағы ЖОО-ның белсенділері екен. Үздік студенттерден жасақталған топ 3300 км-ді жерді жүріп өтпек. Бұл Павлодардан – Қарағандыға дейінгі 7 қала. Мұндай ауқымды жобаны ұйымдастыруға Павлодар облыстық жастар бастамалары орталығы түрткі болып отыр.

Ғабит Хафиз, республикалық “Серпін серпілісі” жобасының жетекшісі:

– Бірінші Астанада болдық, кейін ондағылармен Көкшетауға бірге болдық. Жобаны әрі қарастырамыз. Барған жерімізде біздің идеямызды қолдап жатыр. Жобаның өткізілу форматы да ерекше.

«Сепін серпілісі» қозғалысы Петропавлдан кейін еліміздің Қостанай, Қарағанды, Теміртау қалаларына жол тартпақ.

 

Акбопе Танирберген