Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары мен салық органдары бірлескен рейдтерін жалғастыруда

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Сіздер адамдарды тасымалдайсыз. Ең бастысы – адам өмірі. Біз – автокөліктегі кез келген адамның, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі, осының бәрі үшін жауаптымыз.

Сондықтан, осындай жүргізушілерді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері рейд ұйымдастыруда. Шара барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын тұлғалар анықталады. Кейін, олар заң шеңберінде жауапқа тартылады. Рейдтерге жүргізушілер мен жеке кәсіпкерлер де ат салыса алады.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Бүгінгі рейдті автовокзал маңында өткіздік. Жүргізушілердің сақтандыру полисін және басқа да тиісті құжаттарының болуын тексердік.

Жалпы, жыл басынан салық органдары мен тәртіп сақшыларының бірлескен рейді барысында 23 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 12-сі жолаушыларды тасымалдауға сақтандыру полисінің болмауына қатысты болса, тағы 11 – салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысуға байланысты. Бұндай рейд шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Эльмира Садвокасова