МТРА жаңалықтары

«Жас өркен» шағын ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде

332 пәтерлі үйдің құрылысы тамыз айында басталыпты. Оны «Основание» ЖШС тұрғызуда. Қазір мұнда 80 адам еңбек етуде. Олар әзірге, бір подъездің 2-ші қабатын қалап жатыр. Бұл шаруаға 30 еңбекер жұмылдырылған. Солардың бірі 10 жылдық тәжірбиесі бар – Ринат Сайдашов.

Ринат Сайдашов – «Основание» ЖШС тас қалаушысы:

– Бригадамыз үлкен. Жігіттер жақсы жұмыс жасайды. Білмегендер мен жаңадан келгендерге тәжірбиелі мамандар үйретіп, көрсетіп жібереді. Жұмыс көп. Бірақ қазіргі ауа райын пайдаланып көбірек шаруаны тындырып тастау қажет.

Ал үйдің тағы бір бөлігінде әлі қада орнатылуда. Аталған баспананың құрылысына жалпы 1800 сондай құрылғы қажет екен.

Құрылыста қолданылып жатқан материалдар толығымен отандық өнім. Кірпіштер Ақмола облысынан жеткізілсе, блок, бетондар солтүстікқазақстандық зауыттардың жасаған өнімі. Жалпы бұл кәсіпорының соңғы жылдардағы ірі тапсырыстарының бірі. Бөлінген қаржы да қомақты – 3,5 млрд теңге.

Сергей Тимофеев – «Основание» ЖШС директоры:

– Бұл үй «Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына беріледі. Оның құрылысы екі жылға жоспарланған, яғни біздер үйді 2019 жылдың қазанында тапсыру керекпіз. Десе де, қиындықтар туындамаса біздер ертерек құрылысты аяқтауға тырысамыз. Баспана өте жақсы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 9 подъезден тұратын баспананың жобасы өте қызықты дейді құрылыс саласында 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп жүрген Сергей Тимофеев. Үйдің төменгі қабатында 90 орынға шақталған шағын орталық та болады.

Сергей Тимофеев – «Основание» ЖШС директоры:

– Баспана тапсырылғаннан кейін осы ауданның сәнін аша түсетіндігіне сенім мол. Өйткені, жоспары қызықты. Қалап жатқан кірпіштердің түсі де ерекше. Бұрын ондай қаламызда болмаған. Оның үстіне біздер балкондарын да витражды етіп істейміз. Яғни, олардың барлығын шынымен қаптаймыз. Бұрындары үй салғанда балкондары толық жасалмайтын. Сондықтан қожайындар келгенде түрлі терезелер қойып, әрқайсыныкі әртүрлі болатын. Енді барлығы бірдей болмақ.

«Основание» серіктестігі жыл соңына дейін 2 үйді қолданысқа бермек. Жалпы өңірде биыл өткен жылмен салыстырғанда құрылыс көлемі 3 есеге артқан. Бүгіндері 19 көпқабатты үйде жұмыстар жүргізілуде. Ол -1446 пәтер.

Владислав Лукин – СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Тағы 4 аудан орталығында жатақханалардың құрылысы жүргізілуде. Петропавл қаласында 4 жалдамалы үй салынып жатыр. Ол халықтың әлжуаз топттарына сатып алу құқығынсыз беріледі. 7 баспана «Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына, тағы КИК жүйесі бойынша 2 үйдің құрылысы жүргізілуде. «Байтерек Деволопмент» компаниясы 3 үйді тұрғызып жатыр.

Тағы Солнечный кентінде 72 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келер жылы қолданысқа берілмек.

 

Магжан Ахмадина