МТРА жаңалықтары

Көпқабатты үйдің аулаларындағы бөгеттер жедел жәрдем қызметінің көлігіне кедергі

Валентина Сусликова – “Березка” ПИК төрайымы:

– Аулада әрлі-берлі алаңсыз жүгіріп жүрген ойын балалары бар. Жолда көлік кептелістері болғанда, жүргізішілер біздің үйдің алдымен айналып өтіп жүрді. Олар жылдамдықты төмендетпей зырылдап өтеді. Кішкентайларды соғып кете ме деп күнде алаңдап жүретінбіз. Екіншіден, үйдің жанындағы дүкеннен алкогольдік ішімдік сатып алуға келетіндер түнде тұрғындардың тынышын қашыратын. Сондықтан біз ішкі істер органдарынан рұқсат алып, жолды бөгеп тастадық.

Дегенмен, Бостандық көшесіндегі 13-ші үйдің ауласына өрт сөндіру және медициналық жедел жәрдем көліктері М. Жұмабаев көшесі жағынан кіре алады екен. Ал басқа баспаналарда жағдай тіпті қиын. Тұрғындар көліктерін аулаларына қойып тастайды.

Ирина Шёголева – Петропавл қаласы бойынша ТЖБ инженері:

– Қауіпсіздікті пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осындай рейд шараларын жиі ұйымдастырамыз. Төтенше жағдай орын алса, жедел жәрдем қызметтерінің көліктеріне бетон, темір шарбақтар кедергі келтіреді. Біз оны тұрғындарға түсіндірудеміз. Бірақ көпшілігі өз айтқандарынан қайтпауда.

Көлік өтетін жолға бөгеттерді рұқсатсыз қойып қойған тұрғындарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салу қарастырылған.

Берік Қасен