МТРА жаңалықтары

Жарнамадағы қателіктер қашан түзеледі

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Жыл басына біздер «Таза тіл» акциясын өткіздік. Онда бірнеше қателіктер анықталды. Кейбірі бір тілде ғана береді. Ал енді бірі ең бірінші орыс тілінде сосын ғана қазақ тілінде жазады. Ол дұрыс емес. Жеке кәсіпкерлерге ескерту жасадық. Бірақ олардың көбі әлі күнге дейін түзеткен жоқ. Ол шығынды дейді. Екіншіден оларды ешкім жауапкершілікке тарпайды.

Кейбір кәсіпкерлер орысша сөзге қазақша жалғау жалғай салса, ол қазақша сөз боп шығады деп ойлайды. Ал енді бірі тисе терекке, тимесе бұтаққа деп әйтеуір сөз жасап, жаза салады. Сөйтіп, дүкен-дукен, пәтерлік-пәтерлық болып шыға келеді. Ондайлармен ономастика мамандары да жұмыс жасайды.

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы:

 

– Қаламыздың ірі 10 көшесінде рейд жүргіздік. Сонда 200-ден астам кемшіліктер анықталды. Олардың кейбірі түзетті.

2013 жылы облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері жолаушылар тасымалымен айналысатындармен мемлекеттік тілдегі жарнамаларды ретке салу жөнінде жұмыс жасаған. Содан автобустарда бұл біршама жөнге келтіріліпті. Жалпы мамандар бізге кеңес сұрап келгендердің бетін қақпаймыз. Керісінше, көмек көрсетуге дайынбыз дейді. Сондықтан егер көшеде не сауда орындарында қате жазылған жарнама көрсеңіз, оны ұялы телефонға түсіріп ведомстваның сайтына жіберуге болады.

Магжан Ахмадина