Білім

Ұстаздар тәжірибе алмасты

Білім ұясы мұндай бағытты 2011 жылдан енгізген. Ондай сыныптардың біріне Балғын Жұманова жетекшілік етеді. Дефегтолог ұстаздың 27 жылдық тәжірибесі бар. Бүгін өзге мектептерден жиылған әріптестерімен денсаулығында ақауы бар жеткіншектермен жұмыс жасап, білімге баулудың әдіс-тәсілдерімен бөлісуде.

Балғын Жұманова, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:


–  Менің сыныбымда қазір 12 бала бар. Олардың сырқаттары да әртүрлі. Бірінші сыныптан оқытып, қазір 4-ші сыныпқа алып келдім. Әр баладан алғабасушылық пен мінезіндегі оң өзгерістерді байқаймын. Бала математикадан кейін орыс тілі болатынын біліп, кітаптарын шығарып қояды. Бұл да олардың ақылының кіре бастағанын білдіреді. Түрлі әдістер бойынша баланың көңілін аулып, қызықтырамыз. Тюторлық әдіс – қазір ең оңтайлысы. Оның көмегімен оқушы өз бетімен сабағын да әзірлейді.

Бүгін де өңірде 92 мың бала ерекше білім алуды қажет етеді. Оның 26 пайзы жүйке жүйесі бұзылған жасөспірімдер. БҰл дегеніміз, баланың тек білім алуында емес, өзге қатарластарымен араласуында да білгілі қиындықтар туындайтынын көрсетеді. Мұндай ерекше оқушылармен жұмыс жасайтын петропавлдық ұстаздар бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып тұрады.

Әсем Ахметова, “Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО БАИ аға оқытушы:


– Бүгінгі шараға өңірдің 12 ауданынан мұғалімдер келді. Басқосудың берері мол.

Қазақстанда 3 мыңнан артық орта мектепте денсаулығында кемістігі бар балаларға инклюзивті білім беріледі. Ал, Петропавлда мұндай бағыттағы сыныптар №2, №13 жәні №44 мектептерде жұмыс жасайды.

Акбопе Танирберген