Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтар қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын қолдайды

Ол – қоғамдық талқылаулар барысында түскен тілек-ұсыныстарды ескере отырып әзірленген. Қазақ тілінің қағаз бетіне латынша түсуі – өзге тілдердің дамуы мен азаматтардың құқығын бұзбауы керек. Жаңа жобаға 32 әріп кірген. Қазақ тіліне ғана тән 8 әріпті опостроф қолдану арқылы айырамыз. Тағы, “қаһарман”, “Жауһар” сөздерінде кездесетін “һ” әріпі жоқ. “й”, “и” әріптері бір таңбаға біріктірілген. Бұрынғы нұсақаларынан қарағанда, бұл жаңа жобасы әлдеқайда ойға қонымдырақ дейді әліпбимен танысқандар. Бүгінде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне көшу мәселесі қоғамда қызу талқылануда.

Гүлзат Әлжанова, “Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО ПК БАИ аға оқытушы:


– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз қажеттілігін айтып өтті. БҰл мәселеге неғұрлым байыплықпен, дәлелділікпен мағынасын терең түсініп, жұмыс жасаудың қажеттілігін атап өтті. Бұл шешім біздің қазақ тілін қайта жаңғыртуға, басқа елмен бірігіп жұмыс жасауға, қазақ тілін және интернет тілін өскелең ұрпақтың жетік меңгеруіне қолайлы жағдай екенін атап өтті. 00:52 Ұялы телефондарда, жарнамаларда, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Бұл ұлтымыздың санасын бұғаттан босатып, түркі және жахандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қоданған әліпбиімізге қайта оралуға мүмкіндік.

ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сарбаздары да қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен танысыпты. Оларға Президентке ұсынылған 32 әріп ұнаған. Сондықтан да Отан қорғаушылар өзгертілген қаріпті бүгіннен меңгеруге дайын. Жауынгерлер графиканы жазу жеңіл. Сонысымен ел тұрғындары үшін тиімді болады дейді.

Нұрлан Ильясов – ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Жаңа әріптермен жазу қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Біз бала күнімізде ағылшын тілін меңгердік. Латын қарпі шет тілінің әріптерімен бірдей. Сол себепті біз жаңашылдықты бірден меңгеріп кетеміз.

Жалпы, бұған дейін Парламент Мәжілісінде латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы ұсынылды. Ол графика қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Айта кетейік, елімізде жыл соңына дейін әлі де қаріптің бірнеше түрі қаралмақ. Кейін, әліпбидің нақты нұсқасы бекітілетін болады.

Акбопе Танирберген