МТРА жаңалықтары

Өңір құтқарушылары 9 айды қорытындылады

Биыл облыстық төтетнше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарымен 100-ден астам кездесу өткізіп, 2 мыңға жуық жадынама парақшасын таратыпты. Сонда да кеңеске құлақ асатындар шамалы. Өрт оқиғалары көбеймесе, азаймай тұр. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда биыл апаттар саны 5 пайызға жоғары. Жыл басынан бері 502 өрт оқиғасы тіркелген. 78 пайызы жеке секторда орын алды. Тілсіз жау 30 солтүстікқазастандықтың өмірін жалмады. Екеуі бала. Сондай-ақ, қызыл жалын 66 млн теңгенің материалдық шығынын келтірді.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД басқармасының бастығы:


– Сараптама жұмыстары көрсеткендей, өрт көбінесе отпен абай болмау салдарынан шығады. Жер үйде тұратындардың біразы пеш және электр құрылғыларын дұрыс қолданбайды. Әсіресе, жылыту маусымы кезеңінде облысымызда өрт оқиғалары 30 пайызға көбейеді. Өрт оқиғалары салдарынан көз жұмғандардың қатары 15 пайызға өскен.

Мамандардың мәдіметінше, жылыту маусымы басталғалы бері 4 адамға иіс тиген.

Бұдан бөлік, өткен қыста құтқарушылар 1 500-ден астам көлікті қар құрсауынан алып шығыпты. Нәтижесінде 4 800-ге жуық адам құтқарылған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Демек, ескертуді елемейтіндер көп.

Рүстем Жұмағалиев – СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

 


– Кейбір азаматтар ауа-райына қарамай қыс мезгілінде алыс жолға шығып кетеді. Көпшілігінің көлігінде жылы киімдерін, күрек, арқан сынды қажетті құрылғылары болмай шығады. Құтқарушылар қар құрсауында қалған жолаушыларға жеткенше, арада көп уақыт өтеді. Сондықтан өздеріңізбен бірге жылы киімдер, азық-түлік, майшам алып шығыңыздар.

Қыс мезгілінде 112 қызметінен көмек сұрағандардың басым көпшілігі Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарында тіркелген. Ересектер алыс жолға балаларын да алып шығыпты. Абарой болғанда, құтқарушылар оқиға орнына уақыт оздырмай жеткен.
Осы жылы облыс аумағында қиын жағдайға тап болған жолаушалырға арнап мектептер, қонақ үйлерде барлығы 237 жылыту пунктері құрылмақшы.

Берік Қасен