МТРА жаңалықтары

Мәлік Фазыловтың туғанына 90 жыл толды

Бұл есімді біреу білсе, біреу білмес. Десе де, оның ел дамуы үшін жасаған еңбегі зор дейді тарихшы, әрі журналист Данияр Қасымов.

Данияр Қасымов – «Mangi El» халықаралық ғылыми-көпшілік журналының журналисті:

– Ол кісіні батыр деп те атауға болады. Ол желтоқсан оғиғалары кезінде, Горбачевтің кезінде Солтүстік Африкада мәдени күндер өткізді. Франция, Португалия елдері көрді.

Ғұмыры ерте үзілген Мәлік Фазылов небәрі 68 жасында қайтыс болған. Қостанай өңірінің тумасы Петропавлда сауатын ашқан. Ал соғыс жылдары жергілікті зауытта жұмыс жасайды.

Степан Башкиров – ҰОС ардагері:

 


–  Екеуміз зауытта жұмыс істедік. Тек мен инструменттік, ал ол өндірістік цехте қызмет етті. Олар су асты миналарын жасады. Үлкен болатын. Мәлік Фазылов соларды жинайтын. Кейін оның үлкен қызметтерді атқарып, тіпті министр кейін елші болғаны білемін. Жалпы ол еңбекқор жан болатын.

Осындай ердің есімін кейінгі ұрпақ білуі керек дейді Данияр Қасымов. Сондықтан Мәлік Фазыловтың есімімен бір көше аталса игі болар еді.

Магжан Ахмадина