Мәдениет

Роза Бағланованың туғанына 95 жыл

Оның облыстық филармонияның іші-сыртына толы көрерменге қарап-ақ аңғаруға болады. Атағы асқан әртіске еліктеп өскен Сұлушаш Нұрмағанбетова бүгінде оның әндерін орындап халықтың ықыласын алып жүр. ҚР еңбек сіңірген әртісі Роза Тәжібайқызынан тәлім алған екен.

Роза Тәжібайқызы әлемнің 49 елінде ән салған. Түрлі тілде шырқап жұртшылықтың таңдайын қақтырды. Қазақтың ән-жырын ғана емес, ұлттық киімдерін де насихаттады. Қазақстан мен Кеңес Одағының халық әртісінің туғанына биыл 95 жыл. Бұл орайда қызылжарлықтарға “Сағындым, апа, дауысыңды” атты концертті әншінің продюсері Қуаныш Абдықалоқов алып келген.

Қуаныш Абдықалоқов, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Роза Бағланованың продюсері:

– Роза Тәжібайқызы Бағлановамен апамменен бір мекемеде, оның ішінде 24 жыл етене қасында жүріп, концертін жүргіздім, администраторы болдым. Соңғы деміне дейін қасында жүрдім. Айтатын, қолыңнан келгенше халық мені ұмытпайтындай ет деп. 90 жылдығында барлық республика көлемінде еске алу кешін өткіздім. Осы тірі болса 95-ке толатын еді, соған байланысты облыс әкімі, мәдениет басқармасы қолдауымен өткізіп отырмыз.

Роза Бағланова – Қазақстанның алғашқы эстрада әншісі. Әртістің алғашқы уақытта орындаған әні Шәмші Қалдаяқовтың “Қайықтасы”. Ал, өмірінің соңғы сәттерінде репертуарына Тесір Тайбековтың “Қазақстан-Бағыстаны”, Төлеген Мұхамеджановтың “Іңкәрім-айы” енген екен. Алтын қорда 400-ге жуық әні жатыр. Бір емес, бірнеше толқын Розаның әндерімен ер жетті.

Ерсайын Кәменов:

– Бұл әншіні жақсы көреміз. Сүйіп тыңдаймыз.

Гүлнар Бекеш:

– Бірнеше концертінде болдым. Петропавлға да келіп берді. Осы кісінң әнімен өстік.

Роза Тәжібайқызы 1945 жылы Берлиндегі “Жеңіс” концертіне қатысты, Фронтта жауынгерлерді рухтандырып, ән шырқады. Бірақ, өмірінің соңына дейін сахнадан түспей, халқына бас иіп өтті. Ондай әртісін, елі ешқашан ұмытпақ емес.

 

Акбопе Танирберген